Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Жақсылық жасауға асығайық!» мерекелік іс-шара өткізді.

Бұл іс-шараға Қостанай қалалық мүгедектер қоғамының «Арман» клуб үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін, оның тарихы мен мәдениетін құрметтеу сезімін тәрбиелей отырып, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету

Іс-шара қонақтары: Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсендісі Гульнара Латипова және «Қостанай облысының корей этномәдени орталығы» ҚБ төраға Ульяна Ким қатысушыларды мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен бірліктің өркендеуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, бұл мереке рухани дәстүрлердің жаңғырып, мейірімділік, адамдардың бір-біріне ризашылығын білдіретін күн болып табылатынын атап өтті.

№ 2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Рауза Бекболатова құттықтау сөз сөйледі. А.Қасенова, В. Қоржень, С. Рахметов, М. Шоинтай, А. Женишова №2 мектеп-лицейінің оқушылары Қазақстан, достық, мейірімділік туралы өлеңдер оқыды. Саужанова Алинаның орындауындағы «Алға» әні кештің сәніне айналды.

Іс-шара Қостанай қалалық мүгедектер қоғамының басшысы мен тәрбиеленушілерінің сөз сөйлеуімен аяқталды.
Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайы педагог — ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «2021 жыл-Ыбырай жылы» естелік күнтізбесін табыс етті.