Бүгін, Ұлы ағартушының 180 жылдық мерейтойына орай Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсаринің мемориалдық музейінде Ыбырай жылы күнтізбесінің тұсаукесері болып өтті.

Мақсаты: Қазақтың дарынды дара тұлғасы, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірі мен педагогикалық қызметі жайында, XIX-XX ғасырлардағы өлкеміздегі халық ағарту ісінің қалыптасып, дамуы баяндалатын деректі құжаттар, фотосуреттер, бейнематериалдар және өзге де тың тақырыптағы зерттеу еңбектерін заманауи цифрлық қосымшалар арқылы насихаттау.

Күнтізбенің ерекшелігі – оның беттеріндегі ақпаратты QR-код қолдану арқылы бейнематериалдардан көруге болады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагер-ұстаздар, ыбырайтанушы-ғалымдар, мәдениет саласының өкілдері қатысты.Ыбрайтанушы ғалымдар Серікпай Оспанов пен Биялаш Сүйінкина күнтізбе лентасын қиды.Келген қонақтарға күнтізбе таратылды.