9 ақпан – Қазақстандық жастар күніне орай Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі «Жасампаз жастар жетістігі» атты онлайн әдеби-сазды кеш өткізді.

Онлайн-кеште жастайынан оқу-білім, табанды еңбек арқылы үлкен жетістіктерге жеткен ұлтымыздың ұлы тұлғалары жайлы мағлұмат берілді.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі – бүгінгі жастар жарқын болашаққа нық қадаммен ілгері басып келеді. Онлайн-кештің қонақтары Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының маманы – Ж.Ғалым және Қостанай облысының “Жастардың Алтын кітабының” лауреаттары Р.Бейішов, Қ.Қойшыманов қатысып, өз ойларын ортаға салып, жетістіктері жайлы әңгімелеп берді.

Балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері күмбірлете күй шертсе, ал «Тарлан» ансамблінің биші қыздары «Рухты ару» атты билерін орындады. Музей қызметкері Ақерке Түлкібаева «Тек, алға!» әнімен онлайн-кешті қортындылады.