Педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ы.Алтынсарин музейіне саяхат» жобасын іске асыру мақсатында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық  музейі  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының орта мектебімен  1- 14 ақпан аралығында бірнеше тақырыптар бойынша ұйымдастырылған орыс тілі мен әдебиетінің онкүндігі өтуде:

  • «Ыбырай Алтынсарин — алғашқы халық мұғалімі» онлайн сабақ-экскурсия;
  • Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» әңгімелері негізінде сурет салу байқауы 5 сынып оқушылары арасында ;
  • Ы.Алтынсарин шығармаларын  мәнерлеп оқуға арналған сайыс 1-3 сынып оқушылары арасында;
  • Ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин туралы бейнеклиптер байқауы 7-8 сынып оқушылары арасында;
  • 6 сынып оқушылары арасында «І.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» презентация байқауы;
  • Ы.Алтынсариннің « Алтынсарин- менің» эссе байқауы;
  • Ы.Алтынсарин шығармашылығына негізделген кітап тіркемелерінің

Жобаның мақсаты:

  • Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру;
  • Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу: мейірімділікке, сүйіспеншілікке, еңбекке;
  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыруға, олардың жан-жақты дамуына ықпал етуге, өз бетінше ақпарат іздеуге деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік беру.

 

2021 жылдың 2 ақпанында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына «Ыбырай Алтынсарин — алғашқы халық ұстазы» атты онлайн сабақ-экскурсия өткізді.