2021 жылдың 28 қаңтарында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейі «Діни сауаттылық – қауіпсіздік діңгегі» атты Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» (Шариғатул-ислам) кітабының негізінде діни мекемелер және дін мәселелерін зерттеу орталықтары өкілдерінің қатысуымен фейл-конференция өткізді.

Фейл-конференцияға Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, ыбырайтанушы Жақып Қалқаман Хасенұлы, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің жанындағы Этносаралық және дінаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының директоры Шаукенов Жангелді Арсенұлы, ҚР ІІМ-нің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция майоры Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы, Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Абишев Нұрсұлтан Мырзахметұлы қатысты.

Іс-шараның барысында Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегінің жарыққа шығуының негізгі себептері, мазмұны жан-жақты талқыланды.