2021 жылыдың 29 қаңтарында Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі оқушылар форумында №2 мектеп-лицейінің шәкірттеріне арналған «Ыбырай Алтынсарин — Қостанай облысының көрнекті ұлы» атты педагог-ағартушының 180 жыл толуына арналған онлайн-экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында оқушылар Ы.Алтынсариннің өмірбаяны, педагогикалық қызметі жайында құнды жәдігерлермен танысты.