ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік, Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз, Мем- лекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет» деп бастаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіз еліміздің 30 жыл ішіндегі өткені мен бүгініне зер сала отырып, басты мәселелерге тоқталып өтті. Қазақ тілі – бүкіл халқымызды бірік- тіруші фактор екенін алға тартқан мемлекет басшысы «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор» деді.
Ал балалар әдебиетінің атасы саналатын Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық әдеби мұрасы ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин «Өз Ота- нымыздың пайдасына қолдан кел- генше қызмет ету – әрқайсымыздың борышымыз!» деп, халқы үшін аян- бай тер төкті.
Ыбырай мектебі – қазақ халқын ұлт ретінде азаттыққа жетелеген, күреске дайындаған, ең алғашқы қазақ зиялыларын қалыптастырған мектеп. Кез келген нәрсе нәтиже- сімен өлшенеді. Ыбырай мектебінің жемісі, бұл – Алаш қозғалысы. Ал, Алаш арыстарының бәрі – осы мектептің түлегі деп айтуға толық негіз бар. Себебі, олар осы үрдіспен тәрбиеленіп, «Қазақ хрестоматиясын» оқып өскендер. Соның арқасында Әлихан Бөкейханов бастаған тұлғалар қазақтың азаттығы үшін күресіп, мемлекетіміздің негізін қалыптастырды.
1925 жылы Ә.Бөкейханұлы А.Байтұрсынұлына: «Алтынсарин баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң жақсы болар еді, ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ» деп хат жазған еді. Осыдан-ақ, ұлт мүддесін ойлауда ұлылардың үндес болғанын аңғару қиын емес. Ал Президент мақаласында:
«Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткер- лерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып,
олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс» деп, ой тастап, тиісті тарихи құжаттар мен жиналған мәліметтерді зерделеу керектігін айтты. Осы тұрғыдан алғанда, Алаш арыстарының ұстазына айналған дала шамшырағының шырағын сөндірмеу бәрімізге парыз.
Жылбасында«Nur Otan» партия- сы төрағасының бірінші орынбаса- ры Бауыржан Байбек Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде өткен зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын туған жері Қостанайда ғана емес, өзге де өңірлерде кеңінен аталып өтетіндігін айтты. Ұлы ұстаздың сәулетті ескерткіші еліміздің бас қалалары Алматы мен Нұр-Сұлтанда да орнатылатын болды. Сондай-ақ, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы Қостанайда өткізілетінін хабардар етті.
Жуырда Қостанай қаласының орталығында ағартушыға арналып салынған еңселі ескерткіш мерейтой шымылдығын түрген болатын. Ағартушының мерейтойына ар- налған іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып келеді.
Ел тәуелсіздігінің мерейтойы мен биыл ағартушының туғанына 180 жыл толуы мұражайдың 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ыбырай музейі – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қа- лыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын ұлттық руханият ор- дасы.
Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанмен бірге алғашқы қадамын жасаған Қостанайдың қақ төріндегі қасиетті қара шаңырақ
– Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі қазақ мәдениеті тарихында ерекше орын алатын ағартушының бай мұрасын дәріптейтін мәдени орталыққа айналды.
Ұлы педагог, ғұлама ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері, жаңашыл ұстаз, публицист, ғалым-этнограф, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын және прозашы Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин артына өте құнды әрі бай мұра қалдырды. Музейде сирек кездесетін кітаптар, архив материалдарының көшірмелері, фотосуреттер, құжаттар мен жазушының өзі және отбасы тұтынған заттар бар. Сондай-ақ, ұлы ағартушы тұлғасын бейнелейтін өнер туындылары, суреттер мен мүсіндер орын алған.
Қазіргі уақытта мұражай «Музей тарихы», «Ы.Алтынсарин – Ұлы Ұстаз», «Ы.Алтынсарин – Қазақстанда халық ағарту ісінің негізін қалаушы», «Ы.Алтынсариннің мемориалдық класы» және «Ы.Алтынсарин және оның айналасындағы адамдар» іспетті 5 экспозициялық залдан тұрады. Сондай-ақ қор Алтынсарин мектебінің түлектері, көрнекті ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, ағартушы-ұстаздар туралы қызықты материалдар және заттармен толықтырылған.
Музей қорындағы әр жәдігердің бай тарихы бар. 1995 жылы Ы.Алтынсариннің туысы, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям Хакімжанова қайтыс болғаннан кейін оның баласы Атымтай Хакімжанов мұражайға қаламгердің ерекше құрметтейтін нәрселері мен баға жетпес шығармаларын тапсырды. Ғимараттың екінші қабатына көтерілген кез келген адам халық сүйіспеншілігіне бөленген Мәриям ақынның бейне шығармашылық зертханасына кіргендей күй кешеді. Онда жерлес қаламгердің жазу столымен отырған орындығы, фото, құжаттар, марапаттары бар. Бай кітапхана орыс, қазақ қаламгерлері қолтаңба қалдырған кітаптар айрықша назар аударуға лайық.
Қазіргі заманғы әлемде музей – бұл ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновациялар орталығы.
Электрондық ақпарат беру формаларының бірі – виртуалды карта арқылы тарихи қызығушылықты арттырып, «сандық мәдени мұраларды» көпшіліке насихаттау мақсатында биыл «Ыбырай Алтынсариннің ізімен» виртуалды туристік маршруты жобасы әзірленуде.
Сонымен қатар, заманауи 3Д виртуалдық экскурсиясы, Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі және «Омар» құдығы, Ы.Алтынсарин кесенесі бойынша екі тілде 3Д виртуалдық экскурсиясы әзірленіп, сайтқа енгізілді. Оны кез келген адам музейдің ресми сайтына кіріп, өз еркімен тамашалай алады.
Ыбырай музейі құрылған 30 жыл ішінде музей қорын жәдігерлермен толықтырды. Қазіргі уақытта жәдігерлер саны – 12830 құрайды. Оның ішінде негізгі қорда – 11072, ғылыми-қосалқы қорда – 1757.
Сондай-ақ, музей қорында «Орынбор ведомствосы қазақта- рының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлері» және «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас беру дәстүрлері» очерктері сақталған (көшірме). Ыбырайдың бұл еңбектерін 1870 жылы Орынборда географиялық қоғамының бөлімшесі бастырып шығарды. Бұл мақалалар кезінде автордың өз халқын орыс қауымына этнографиялық жағын таныстыру мақсатына, этнографиялық шығармаларға қойылатын сол замандағы озық талап-тілектерге де толық жауап бере алды.
Ыбырай бірсыпара елдерде қалыптасқан экзегетикалық дәстүр бойынша, яғни өз ойын, тұжырымын қосып, сыналып түсіндіру әдісін қолданды. Ислам дінінің қағида-шарттарын түсіндіретін, қазақ балаларына арнап шығарылған «Шариғатул-Ислам» – «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітабы тұңғыш оқу құралы болып есептеледі. Ағартушы діни оқудың өзін адамгершілікті, гума- низмді насихаттау деп түсіндірді. Оқулықты 1883 жылы 26 қазан- да Петербург қаласында рұқсат алып, 1884 жылы Қазан университетінің баспаханасынан араб әрпімен бастырып шығарды. Ұлы Ұстаздың «Шариғатул-ислам» кітабының түпнұсқасы музей қорының інжу-маржаны болып табылады.
Ыбырай Алтынсариннің ме- мориалдық музейі – музейлік мәні зор артефактілерді (тарихи және мәдени ескерткіштерді) жинау, есепке алу, сақтау, қалпына келтіру, ғылыми зерделеуді жүзеге асыру, насихаттау жұмыс- тарын жүргізетін республикадағы бірден-бір ғылыми-зерттеу және мәдени таным мекемесі, Ыбырайдың әлемдік деңгейдегі ұлылығын уағыздайтын киелі орталық. Ыбырай зердесін паналаған рухани игіліктерді жеткізу мүмкін емес. Ыбырай жасап кеткен дүние – ұлттық мұра, мәдени кеніш. Оны игеру – болашақтың абыройлы міндеті. Өткен тарихын жадына мықты сақтаған ұрпақ қана тәуелсіздігімізді баянды ете алады.
Салтанат ӨТЕЛБАЕВА,
Қостанай облыстық
Ыбырай Алтынсариннің
мемориалдық музейі
басшысының ғылыми жұмыс
жөніндегі орынбасары.