2020 жылдың 20-қаңтарында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі «Тұлға тағылымы» арнайы жоба аясында филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовпен онлайн-сұхбат өткізді.
Әдебиеттану ғылымының білгірі Серік Негимов қазақ даласында тұңғыш халық мектебінің негізін қалаушы ағартушы-педагог, кирилл харпіндегі қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы ірі ғалым, ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің өзге де қасиет-қырлары жөнінде кеңінен баяндап, өнегелі өмірі мен қызметі жөнінде тың деректерімен бөлісті.