2020 жылдың 13 қарашасында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Бар қазақтың көкірегінде жүремін…» тақырыбында Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туған күніне арналған онлайн-экскурсия өтті.
Тікелей эфирде өткен іс-шараға Жітіқара ауданының Мұса Шожанов атындағы №2 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Онлайн-экскурсияда ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин мен М.Хакімжанованың туыстық қарым-қатынасы жайында айтылып, ақынның өмірбаяны мен өзі пайдаланған жеке заттары, ғылыми еңбектері көрермендер назарына ұсынылды.