2020 жылғы 7 қарашада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Байтұрсын Ілиястың туған күніне орай «Байтұрсын Ілияс Ыбырай хақында» атты онлайн-дәріс өтті.

Іс-шараның барысында Байтұрсын Ілиястың өмірі мен қызметі, сондай-ақ, Ыбырай Алтынсаринге қатысты тарихи-философиялық көзқарастары айтылды. Дәрісте музей қорында сақталған фотосуреттер мен құжаттары және еңбектері көрсетілді.