2020 жылғы 30-қазан күні Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде Ұлы ағартушы-ұстаздың алғашқы шәкірттерінің бірі, Торғай мектебінің түлегі Қорғанбек Бірімжановқа арналған «Ұстаз ізбасары» атты онлайн-дәріс өтті.
Дәрісте Қорғанбек Бірімжановтың өмірі мен қызметі, Торғай жерінде мектеп пен кітапхана ашу ісіндегі қосқан үлесі жайлы айтылды. Сондай-ақ, музей қорында сақталған фотосуреттер мен құжаттарының көшірмелері көрсетілді.