2020 жылы 2 қарашада Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин музейінде Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі Масғұт Шалабаев туралы «Шәкірт жүрегіне із салған тұлға» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.

Дәрісте ұстаз Масғұт Шалабаевтың өмір жолы мен еңбектері жайлы айтылды. Музей қорында сақталған жеке заттарымен қоса құжаттары және фотосуреттері көрсетілді.