2020 жылдың қазанында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақ КСР ҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Ғалымның ғибратты өмірі» онлайн – көрме көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге ғалым Темірбай Байбосынұлының ғылыми еңбектері,фотоқұжаттаы мен жеке заттары қойылды.