2020 жылғы 20-қазан күні Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде Орынбор мұғалімдер мектебінің түлегі, ағартушы-ұстаз Төлеген Иманғазиевке арналған «Бір жәдігердің тарихы» атты онлайн-дәріс өтті.
Дәрісте ұлт азаматының өмірі мен қызметі, ұстаздық жолы, Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер жайлы айтылды. Сондай-ақ, музей қорында сақталған фотосуреті мен құжаттарының көшірмелері көрсетілді.