2020 жылғы 19-қазан күні Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері Мұхамеджан Қарабаевқа арналған «Алғашқы дәрігер» атты онлайн-дәріс өтті.
Онлайн-дәрісте дәрігер М. Қарабаевтың өмірі мен қызметі туралы және 40 жыл бойы күрделі салада тынымсыз еңбек етіп, өз халқына адал еңбегімен қызмет еткені туралы айтылды. Сондай-ақ, музей қорында сақталған фотосуреті мен құжаттарының көшірмелері көрсетілді.