2020 жылдың 12-қазанында «Ы. Алтынсарин және XXI ғасырдағы Қазақстан» тақырыбының аясында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанынан ашылған «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсадық Алмасбек Ахметұлымен онлайн-кездесу сұхбаты өткізілді.
Онлайн-кездесудің барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі және шығармаларының ұлттық болмысымызды сақтаудағы үлесі, «бәсекеге қабілетті кемел адамды» қалыптастырудағы рөлі, Ыбырай мұрасы арқылы жастарды тәрбиелеу, ғылыми тұрғыда зерттеу барысындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің легі, сондай-ақ, қазіргі таңдағы ғылыми-педагогикалық бағытта қаншалықты өз деңгейінде зерттелгендігі т.б. өзекті сұрақтар талқыға салынды.