2020 жылдың 9-қазан күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Қостанай қаласының №5 бөбекжай-бақшасында ағартушының «Қырғыз хрестоматиясындағы» әңгімелер бойынша театрландырылған онлайн-сабақ өткізді.
Онлайн-сабақ балалардың жас ерекшелігіне сай жаттығулардан басталып, Ыбырай Алтынсарин және оның кітабы жайлы мағлұмат берілді. Сондай-ақ, сергіту сәті мен интеллектуалды ойын өткізілді.