2020 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі «Ұлы тұлғалар мұрасы» (Ы. Алтынсарин және И. Гаспринский) Қырым Республикасы «Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық мұражай-қорығы» МБМ Исмаил Гаспринскийдің мемориалдық музейімен бірлескен халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Негізгі мақсат: достық қарым-қатынаста болған Ұлы тұлғалар –Қазақстанда қазақ-орыс мектептерінің негізін қалаушы, педагог, ағартушы, этнограф-ғалым, жазушы Ыбырай Алтынсарин мен қырым-татар ағартушысы, қоғам қайраткері, ұлттық білімді қайта құрушы Исмаил Гаспринский мұраларын насихаттау.

Халықаралық онлайн-конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Татарстан  Республикасы,  Ғылым Академиясы  Ш.Марджани атындағы Қырым ғылыми орталық институтының аға ғылыми қызметкері Керимов Исмаил Асанович, филология ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы, Ғылым Академиясы Ш. Марджани атындағы Қырым ғылыми орталық институтының аға ғылыми қызметкері Абдужемилев Рефат Рустем огълы, «Бахшысарай тарихи-мәдени және тарихи музей қорығы» Исмаил Гаспринский мемориалдық музейінің меңгерушісі, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы Ш. Марджани атындағы Қырым ғылыми орталық институтының  кіші ғылыми қызметкері Абибуллаева Эльмира Эбазеровна, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Хасенұлы Жақып, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессоры Оспанов Серікбай.,  ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі Мачнева Светлана Григорьевна, Троицк қаласы «Жақсылық» Қазақ орталығының өкілі Шакенова Венера Мухтаровна, Қостанай қ. №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі  Татьяна Альбертовна Болотько,облыстық мұрағатының жоғары санатты  мұрағатшысы Анна Александровна Карпухина сонымен қатар іс-шараға біздің әріптестеріміз Көкшетау қаласындағы «Малик  Ғабдуллин» музейі, Петропавл қаласындағы «Абылай хан Резиденциясының музей кешені», Павлодар қаласындағы «Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі» және музей қызметкерлері, мәдени мекемелері қатысты.

Конференцияға қатысушылар көрнекті тұлғалар педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің және Қырым татар ағартушысы Исмаил Гаспринскийдің көпқырлы шығармашылық,  қоғамдық қызметі туралы  және   прогрессивті әлемдік мәдениетке баулуға,  халықтар  арасындағы  достықты нығайтуға бағытталған баяндамалар жасалды.