2020 жылдың 28-қыркүйегінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Өлкедегі Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.
Дәрісте ұлы педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің төсбелгісіне тоқталып, Қазақстанның халық ағарту ісінің үздіктері мен Ы.Алтынсарин медалін иеленген ардагер ұстаздар туралы баяндалып, музей қорындағы фотоқұжаттар мен әдістемелік еңбектер көрсетілді.