2020 жылғы 10-тамызда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбында онлайн-дәріс болып өтті.

Онлайн-дәрісте А.Құнанбаев туралы деректер айтылып, музей қорындағы жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.