2020 жылы 10 тамызда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин музейінің қызметкері Қазақстанның халық суретшісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Наурызбаев Хакімжан Есімханұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қылқалам шебері» атты онлайн-дәріс өткізді.

Онда Х.Наурызбаевтың өмір жолы мен еңбектері жайлы айтылып, музей қорындағы мүсіншінің жеке фотоқұжаттары, кітабы және оның жасаған туындыларының бірі – қазақтың ақын қызы, Қазақ ССР-нің халық жазушысы, Ы.Алтынсариннің аталас туысқаны Мәриям Хакімжанованың гипстен жасалған бюсті көрсетілді.