2020 жылы 3 тамызда Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері «Алтынсариннің отбасы және оның өмірінің соңғы жылдары» атты онлайн дәріс өткізді.

Дәрісте ұлы педагог-ағартушының шығу тегі мен ұрпақтары, аталас туысқандары, Қостанайда ғұмыр кешкен жылдары туралы айтылды. Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсаринге қатысты құнды жәдігерлер мен фотоқұжаттар көрсетілді.