2020 жылдың 24 шілдесінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Қамшы алса қару, қалса-мұра» атты онлайн- дәріс өтті.

Онда ғылыми қызметкер қамшының шығу тарихы және оның бөліктері, салт — дәстүрі туралы толығырақ айтып, музей қорында сақталған қамшы жәдігерлеріне тоқталды.

Оның ішінде жерлестеріміз, танымал тұлғалар — Қазақстанның халық әртісі Серәлі Қожамқұлов, ғалым Кенжеғали Сағадиевтің қолданған қамшыларына қысқаша сипаттама берілді.