2020 жылы 17 шілде күні ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірден өткеніне 131 жыл толды.

Ұстаздың қайтыс болған күніне орай оның мәңгілік тыныс тапқан биітіне қойылған кесенесі жайында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі «Кемеңгер кесенесінің кескіні» атты шеберлік сағат өткізді.

Музейдегі Ыбырай кесенесінің макетін жасаған белгілі суретші, қолөнер шебері М. Рахалиев. Онлайн өткізілген шеберлік сағатта музей суретшісі Мұханбетқали Тоқтарбайұлы макетің жасалу жолдары мен тарихына тоқталып өтті.