2020 жылдың 7 шілдесінде Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабы бойынша А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының салған суреттерінен онлайн-көрме ұйымдастырылды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы. Көрмеге Ы.Алтынсариннің әңгімелері бойынша 30-дан астам жас дарындардың жұмыстары қойылды.
А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Елена Васильева балалардың жетістіктеріне тоқталып, олардың шығармашылықтары шынайы және өзіндік ерекшеліктерімен таңқалдыратыны жайында айтты.
Сонымен қатар оқушылар — Каримова Ксения, Харитонова Маргарита, Ишмухаметова Камиланың үздік жұмыстары ұсынылды.