Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі қарсаңында «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты онлайн-шеберлік сағаты болып өтті. Шеберлік сағатын Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкері, суретші М.Т. Рахалиев өткізді.

Шеберлік сағатында ұлттық аспап — домбыра жайлы мәліметтер беріп, домбыра жасау өнерінің қыр-сыры, бұл кәсіпке қалай келгендігі жөнінде ой бөлісті.