2020 жылдың 18 маусым күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі А.Ә. Сәндібековамен «Қостанай облысының тұлғаларын зерттеудегі экскурсияның өлкетану қызметінің құралы ретінде алатын орны» тақырыбында онлайн – кездесу өткізді.
Кездесу музейдің «Instgram» және «Facebook» парақшалары арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылды. Сұхбатта Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, география магистрі Дидар Ерсайынқызы шәкірті Айым Әділханқызының дипломдық жұмысының жетістігі жөнінде айтты.
Айым Әділханқызы қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында туған елінің, жерінің алдында қызметі мен парызын орындаған тұлғалар жөнінде экскурсиялық бағдарлама құрастыру өзекті мәселеге айналып отырғандығын сөз етті. Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі өткізген онлайн-кездесудің толық нұсқасы музейдің «Youtube» каналына жүктелді.