2020 жылдың 15 маусым күні Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин туралы 5 томдық жинақтың құрастырушысы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы «Ыбырайтануды бағдарлаған жинақ» тақырыбында онлайн-дәріс оқыды.
Ол Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы «Ұлағат» ғылыми зерттеу орталығы қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсариннің мұрасын зерттеп, бес томдық жинақтың шығарылғаны жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ, осы жинаққа Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ғалым, ыбырайтанушы С.Оспановтың егеменді дәуірде құңды деректер мен жаңа көзқарастағы мақалалары енгені туралы айтты.