2020 жылдың 12 маусымында «Ыбырай ізімен» атты тақырыпта Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалық музейінде педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің педагогикалық қызметі жайында онлайн-дәріс өтті.

Онлайн-дәрісте педагог-жазушының өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi баяндалды

Ұлы ағартушының ізбасары С. Көбеевтiң еңбегі жоғары бағаланып, екі рет Ленин орденімен марапатталды, 1944 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген оқытушысы» құрметті атағына ие болды және Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.