2020 жылдың 9 маусым күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің ұйымдастырумен ыбырайтанушы-ғалым, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Хасенұлы Жақыппен «Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы құнды деректер» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
Сұхбат барысында Қ. Жақып Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі жөнінде жазған еңбектеріне, ағартушының ашқан барлық мектептерінің тарихына, ұлы ұстаздың қуғын-сүргінге ұшыраған шәкірттері туралы тың деректерге тоқталып өтті. Онлайн-кездесудің толық нұсқасы музейдің Youtube-тегі каналына жүктелді.