2020 жылдың 6 маусым күні Тобыл-Торғай өңірінің дарынды ақыны, өмірден ерте кеткен Кеңшілік Мырзабековтің өмірі және шығармашылығы туралы онлайн-дәріс өтті.
Кешілік Мырзабековтің туған жері, алғашқы еңбек жолы оның шығармалары жайында айтылды. «Іңкәр дүние», «Дүбірлі дәурен», «Көктем көкжиегі» алғашқы жыр жинақтарда әр алуан тақырыптағы өлеңдері адалдықты, достықты, адамгершілікті, махаббатты жыр етеді. Одан кейінгі шыққан өлең кітаптарында азаматтық лирикада туған жерді, отанды қадірлеу, ондағы тамаша еңбеккерлерді жырлайды. «Құмдағы аршалар» «Ақ көйлек», «Мұхтар мен Күләш» сынды балладалары қазақ поэзиясындағы баллада жанрына қосылған елеулі үлес туралы айтылды. Аталған балладалардың бәріне ортақ жетістік-ұлттық бояудың қанықтығы. Қазақтың салт-дәстүрін жақсы білген ақын кейіпкерлерінің бәрі де ұлттық мақам мен қазақи сөз саптамасымен ерекшеленеді. К. Мырзабеков өзінің аз ғұмырында өзінің өткірлігі мен талантымен елге ерте танылды.
Ол әдебиет саласында өтетін конкурстарға қатысып лауреат атанған. 2006 жылы ақынның 60 –жылдық мерейтойына Алматы көшесінің біріне К. Мырзабековтың есімі берілді. Өзі тұрған «Көктем-3» мөлтек ауданындағы №20 үйге мемориалдық тақта орнатылған. Белгілі ақынның артында қалған ұрпағының бірі Аманкелді – әке жолын қуған ақын-жазушы, мықты сыншы.