4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осы мерекеге орай Қостанай қаласындағы № 61 бөбекжай-бақшасында музейдің ұйымдастыруымен ҚР әнұраны, елтаңбасы, туы туралы «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Ойын барысында рәміздер туралы мағлұмат беріліп, әнұран орындалды. Кейін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытынды жасалды.

Келешекте бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері қазақ білімінің алғашқы қоңырауын соққан Ыбырай Алтынсариннің салған сүре жолымен мектеп табалдырығын аттағалы отыр.