1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай  қаладағы № 4 бөбекжай бақшасында музей қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалық шақ» саяхат ойынын өткізді.

Балабақшаның бүлдіршіндері арасында түрлі қимылды, дидактикалық ойындар өткізілді. Іс-шараның соңында Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы бойынша «Түлкі мен ешкі» атты қойылым  көрсетілді.