2020 жылы 24 cәуір күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі «Ыбырай Алтынсариннің эпистолярлық мұрасы – XIX ғасыр дәуірінің құнды құжаты» атты онлайн-дәріс өткізді.
Музей қызметкері қорда сақталған педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің орыс ғалымы, мұғалім-миссионер Н.И.Ильминскийге жазған хатының көшірмесі туралы ақпарат берді.