2020 жылы 13 сәуір күні Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин музейі Ұлы педагог-ағартушы Ы.Алтынсарин жайлы тұңғыш роман жазған көрнекті жазушы Жайсаңбек Молдағалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Таза бұлақ» онлайн көрме өткізді.

Онда музей қорындағы жазушының жеке фотосуреттері мен грамоталары, кітаптары көрсетілді. Жайсаңбек Молдағалиевтің өмір жолы, әріптестері туралы және оның қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген әдеби туындылары, «Алғашқы қоңырау», «Таза бұлақ» атты шығармалары терең айтылды.