2020 жылдың 9 сәуір күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Аманжол Күзембайұлымен «ХХ ғасыр басындағы қазақ жастарының білімге құштарлығы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

Сұхбат барысында Аманжол Күзембайұлы қазақ даласындағы білім беру ісінің тарихы туралы мәлімет берді. ХХ ғасырда білім саласында қызмет еткен Ыбырай ізбасарларының еңбегі жөнінде сөз қозғады.