2020 жылдың 6-сәуір күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы, драматург, көсемсөзші, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен «Ы.Алтынсарин және Н.Наушабайұлы» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
Сұхбатта Ақылбек Қожаұлы Ы.Алтынсарин мен Н.Наушабайұлының арасындағы достық байланыс, Нұржан Наушабайұлының шығармашылық ізденістері және сан қырлы өнер иесі болғандығы жөнінде баяндады. Көрермендердің жолдаған сауалдарына толық жауап берілді.