2020 жылдың  2-сәуір күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық  музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, ыбырайтанушы-ғалым С.Оспановтың 75 жылдығына арналған «Ыбырай мұрасының шырақшысы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

Тікелей эфирден өткен тағылымды шарада ұстаз-ғалым С.Оспанұлы өз шығармашылығына шолу жасай отырып, ағартушы Ы.Алтынсариннің еңбектерінің зерттелуі жөнінде баяндап берді.   Көрермендеріміз қызығушылық танытып сауалдарын қойып, лебіздерін білдірді.

Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі өткізген онлайн-кездесудің толық нұсқасы музейдің Youtube-тегі каналына жүктелді.