2020 жылдың 1 сәуір күні Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері Сүйінкина Биалаш Балтақызы «Ұлы ағартушы болмысының қазіргі заманмен үндестігі» тақырыбында онлайн дәріс оқыды.

Тікелей эфирден үздік педагог Биалаш Балтақызы Ы.Алтынсариннің мұрасын насихаттаудағы өз үлесіне тоқталып, ағартушының педагогикалық мақсатта жазған еңбектерінің тәрбиелік мәні бүгінде жас ұрпақтар үшін аса қажет екенін айтып өтті. Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі өткізген онлайн-дәріс, кездесулердің толық нұсқасы музейдің «Youtube» каналына жүктелді.