Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде еріктілермен бірлескен «Еріктілер Ыбырай ізімен» жобасының ашылу салтанаты өткізіліп, еріктілер байқау ережелерімен таныстырылды.

Аталған іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің «Аялы жастар» ерікті–қайырымдылық клубының төрағасы Гаан В., Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық университеті және Қостанай гуманитарлық колледжі еріктілерінің жетекшісі Қарасартова Г.Ж., Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасы еріктілер штабының жетекшісі Третьяк М. Д. қатысты.

Сондай-ақ, оларға экспозиция залы бойынша экскурсия жүргізілді. Музейдің алтын қорынан «Ы.Алтынсарин – ағартушы-педагог» атты фильм көрсетілді.