Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Мариям Хакімжанова атындағы № 20 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін «Жасөспірім құқығы және зиянды әдеттер» тақырыбында танымдық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты – жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларға зиянды әдеттерге еліктеудің өмірлеріне қауіп тудыратынын түсіндіру. Сонымен қатар, зиянды әдеттер, құқық бұзушылық туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тарапынан талқыға салынды.

Кездесу барысында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығының педагогы Кадрон С.А. және әдіскер-дәрігер Хамзин М.Х. балаларды жаман әдеттерден аулақ жүруге шақырып, тәрбие жайлы тәлімді әңгіме айтты. Іс шара соңында «Тірі диаграмма» тренингі өткізілді.