2020 жыл – еріктілер жылы. Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі еріктілер ұйымындағы жастармен бірлесе отырып, «Туған жер» жобасы аясында Қостанай облысы бойынша «Ұлы Дала Ұстазы» ғылыми экспедициясын өткізуді қолға алып отыр.
Музейде қазақстандық жастар күніне арналған ЕРІКТІЛЕРМЕН ЕРКІН КЕШ өткізілді. Мақсаты: биылғы еріктілер жылында облысымыздағы мәдени шаралардың ауқымын кеңейту, бірлесіп тың бастамаларды ұйымдастыру, музейлік қор жиынтығын толықтыру.
Бұл бастама мынадай негізгі 3 бағыттан тұрады:
Біріншісі – «мобильді поэзия» жобасын қолға алу (Бұл бағытта еріктілер Ы.Алтынсариннің өлеңін оқып, ұялы телефондарына түсіріп, бізге жолдайды);
Екіншісі – ерікті экскурсия жүргізушілерді жасақтап шығару;
Үшіншісі – еріктілерді музей қорына жәдігер жинауға жұмылдыру.
Кеш қонақтары: Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Әсел Мусина @aselmusina82 , Қостанай облысы жастар саясатының ақпараттық-әдістемелік секторының жетекшісі Қожахмет Жұпар @mrtc_kst , «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілер штабының еріктілері, 2019 жылғы Қостанай облысы жастары Алтын кітабының лауреаттары: Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Нұрымжан Милақатов @insta_nyrim, М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы санаториінің фтизиатр дәрігері Батырхан Исмаилов @thebatyrman, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілі Батыр Оспанов @batyr_ospanov_photo