2020 жылы 30 қаңтарда Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Білім беру сапасын жетілдірудегі педагогикалық жоғарғы оқу орны мен мектепті интеграциялаудың мәселелері мен жаңа бағдарламасы» атты Алтынсарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция 3 секцияға бөлінді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының профессоры Евдокимова Ольга Николаевна, педагогика-психология магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Иванова Елена Николаевна, педагогика-психология магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы жетекшілік жасаған екінші секцияда музейдің ғылыми қызметкері Шектыбаева Назгүл Төкенқызы «Ы.Алтынсариннің педагогикалық ұстанымы» тақырыбында баяндама оқыды.

Мәтінде Ы.Алтынсариннің педагогикалық қырларын аша отырып, музейдегі қор жинағы мен ғылыми- зерттеу жұмыстарына да тоқталып өтті.