2020 жылдың 28 қаңтарында Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі педагогикалық колледж студенттеріне құқық қорғау органдарының қатысуымен «Өзіңе көмектес» онлайн-әңгіме өткізді.

Іс-шара қонақтары: Қостанай қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полицияның аға учаскелік инспекторы С. Т. Абишева студенттерге жастар арасында кең таралған құқық бұзушылықтар туралы және заңды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері туралы айтып берді; «Қостанай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрестің алдын алу жөніндегі орталығы» КМК алдын алу жұмысы бөлімінің педагогы С.А. Кадрон өз сөзінде студенттерді Қостанай қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды, статистика және АИТВ-инфекциясының даму тенденциялары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ: Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының терроризмге қарсы қызмет жөніндегі мамандарды даярлау орталығының бастығы, полиция майоры  М.С.Тұйғанов нақты діни ұйымдарға адамдарды насихаттайтын және тартатын экстремистік сипаттағы ақпарат таратылған жағдайда жауапкершілік туралы түсіндірді.

«ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрайымы Д.К. Өтебаева еріктілердің жұмысы туралы айтып, табандылық пен еңбекқорлық арқылы мақсат биігіне жете алатынын баса айтты.  Сонымен қатар, музей қызметкерлері ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің заң қызметіндегі үлгі боларлық өнегелі істері жайлы айтып, қатысушыларға мол мағлұмат берді.