Қостанай қалалық «Южный» кітапхана — филиалында «Орынбор қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің оқу жылдары» тақырыбында дәріс өткізілді.
Оған Қостанай құрылыс — техникалық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында балалар педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірінен қызықты деректер берілді.

Студенттердің назарына алғашқы ұстаздың ашқан мектептері туралы бейнефильм ұсынылды. Олар «Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз? викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенді атсалысты.