2020 жылдың 22 қаңтар күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлының қатысуымен 2019 жылдың атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша музей басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы есеп берді. 2020 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Басқарма басшысы өткен жылдың есебін тыңдап, ұжым қызметін жоғары бағалады. Музей жұмысының осы қалыпта алда да алар асуларына сенім білдіріп, 2020 жылы атқарылатын бірқатар жұмыстарды пысықтады.
2021 жылы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл, музейдің ашылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, ұйымдастырылатын ауқымды шараларды келер жылдың жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.