«Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ директоры Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов – 1986 жылы 02 мамырда Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Шилі ауылында дүниеге келді. 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді. Мамандығы журналист.

Еңбек жолы 2003 жылы облыстық «Алға» журналынан басталып, 2004 жылы қалалық «Арқалық хабары» газетінде тілшілік қызметімен жалғасты. 2005 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектепте ұстаздық етті. 2006 жылы Арқалық теледидарының тілшісі, 2008 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалында редактор болып қызмет істеді. 2010 жылдан бастап Жітіқара аудандық мәдениет сарайында әдіскер, кейін 2012 жылдан 2014 жылға дейін Жітіқара ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК директоры қызметінде болды.

2014 жылы Ақмола облысына ауысып, 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры болып қызмет етті.

2017 жылдың 12 шілдесінен бүгінгі күнге дейін «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ директоры болып жұмысын жалғастырып келеді.