2019 жылы 16 қазанда Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы аясында Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі арасында ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты: Ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин және Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметін насихаттау.

Қазақстанның әр өңірінен келген музей саласының мамандары мен Семей қаласының зиялы қауым өкілдері «Тарих және Тұлға» Қазақ елі тарихында есімдері алтын әріптермен бедерленген баһадүр батырлар мен өрісі кең өнерпаздардың, аса көрікті тарихи тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылығы, әдеби мұрасы, қоғамдық қызметіне қатысты жәдігерлермен танысты. Қостанай облысының Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінен барған құнды жәдігерлер мен Ұлы ұстаздың мұралары жұрт назарына ұсынылды.

Екі музей басшыларының қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумының негізінде алда талай бірлесе атқарар игі жұмыстар көп-ақ.