Ы. Алтынсарин жары Айғаныс және балаларымен бірге түскен отбасылық фотосурет. Ы. Алтынсариннің отбасында көпке дейін бала болмағандықтан, қазақ халқында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның ұлы мен қызын тәрбиелейді. Бұл фотосуретте Оспанның қызы Зылиха да бар. 1881 жылы туған Абдолла атты баласының дүниеге келуіне әдет-ғұрып бойынша той жасады. Екінші ұлы Абдрахман 1884 жылы, ал Шарипа есімді қызы 1886 жылы дүниеге келді. Ы. Алтынсариннің баласы Абдрахман Троицк қаласындағы гимназияда оқып жүріп, 15 жасында құрт ауруына шалдығып, қайтыс болды. Қызы Шарипа 6 жасында қайтты. Ұлдарының ішіндегі үлкен ұлы Абдолла жиі ауыратын болғандықтан, тек үй шаруашылығымен ғана айналысатын. Ол 52 жасқа дейін өмір сүрді. 1916 жылы Абдолладан жалғыз Нағима есімді қыз, яғни Ыбырайдың тікелей ұрпағы дүниеге келді. Ол 1998 жылы наурыздың 30 жұлдызында 82 жасқа келгенде дүниеден өтті.
Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетін және әдебиет тілінің негізін қалаушы болып табылады. Оның туындылары қазақ әдебиетінің мазмұнын байыта түсті. Қазақ даласында ғылыми білімді терең насихаттау және тарату тәжірибе жүзінде ғана емес, сондай-ақ Алтынсаринның әдеби қызметіне де тән. Ол балаларға ғылымды меңгеруге шақырып, яғни мұндай жолға тек мектепте білім алу арқылы жете алатындықтарын айта кетті. «Қырғыз хрестоматиясы» кітабындағы «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі 1879 жылы жазылды. Алдарыңызда ағартушының жазған туындыларының қолмен жазылған жазбаша көшірмелері.
Мұрағаттық құжат. 1879 жылғы 29 желтоқсандағы Уезд бастығы, полковник Яковлев Торғай облысының әскери губернаторына Торғай облысының мектеп инспекторы Ы. Алтынсариннен 40 даналы «Кырғыз хрестоматиясы» кітабын 12 сомға сатып алу жөніндегі өтініш.
Мұрағаттық құжат. 1879 жылғы 29 желтоқсандағы Уезд бастығы, полковник Яковлев Торғай облысының әскери губернаторына Торғай облысының мектеп инспекторы Ы. Алтынсариннен 40 даналы «Кырғыз хрестоматиясы» кітабын 12 сомға сатып алу жөніндегі өтініш.