Мемориалдық мұражайдың негізгі бағыты – ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу.
Білім беру қызметі
Мұражайдың негізгі бағыттарының бірі ғылыми-ағарту жұмысы болып табылады. Ол қор жәдігерлерінің негізінде құрылған экспозиция, тұрақты және уақытша көрмелер, сонымен қатар дәрістер, сұхбаттар және жұмыстың басқа түрлері.
Экспозициялық залда «Ы.Алтынсарин – педагог-ағартушы», «ҚР халық жазушысы М.Хакімжанованың шығармашылық зертханасы» атты көрмелер қойылған. Осы экспозиция бойынша жоғары және орта, кіші сынып оқушыларына арналған әр түрлі шолулар және тақырыптық экскурсиялар өңделген. Тақырыптық экскурсияларда мұсылман оқуы, ағартушының балалық шағы мен оқуы, Ы.Алтынсарин құрастырған мектеп жүйесі, оның педагогикалық, әдеби және қоғамдық қызметі туралы айтылады.
«Киіз үй қонақжайында» атты уақытша көрмеде қазақ халқының мәдениет мен тұрмысы, дәстүрі мен шаруашылығы туралы дәрістер сериясы оқылады. Бұнда тақырыптық және шолыма экскурсиялар жүргізіледі. Көрме әрбір жәдігер туралы нақты және айқын айтуға көмегін тигізеді. Осы бағытта «Қазақ халқының тұрмыстық заттары», «Қазақ халқының киіз үйі», «Әшекейлік бұйымдар», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген жаңа тақырыптар дайындалды. «Біз таңдаған жол» көрменің жобасы облыстағы жоғары оқу орындары, колледждерінің пайда болу мен даму тарихын, осы оқу орындары студенттерінің бос уақыты мен оқу барысын бейнелейді. Осы көрмелер мектеп түлектері үшін үлкен қызығушылық тудырып, қандай мамандық таңдаудағы шешімдеріне көмектесті.
Поэзия әлеміне, сұлулық пен даналыққа деген сүйіспеншілік студенттердің Қостанай облысы ақындарымен поэтикалық кездесуінен айқын көрінеді. «Шашу» поэтикалық қонақжайда белгілі ақындар, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері А.Шаяхмет, Ж.Баязит, С.Оспанов, Н.Мұкатов жас ақындар мен студенттер үшін шеберлік сыныбын өткізеді.
Балаларды басқа халықтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында облыстық Қазақстан халықтар ассамблеясымен құрылған «Туған жердің қайнар бұлағында» жобасын жасауға шақырды. «Жексенбілік мектептерден келісім мен бейбітшілікке» атты тұрақты көрмеде туған тілін үйренуге арналған жексенбілік мектептердің оқу материалдары қойылды, ал саяхат сабағы балаларды ұлттық мәдениетке және басқа халықардың мәдениеті мен тұрмысын білуге үйретті.
Мұражай жас өспірімдердің салауатты өмір салты үшін жұмыс істеуге тұрақты ізденіс үстінде және «СӨС» орталығы мен басқа ұйымдарды тарту бойынша «Қазақстан балаларының болашағы үшін» көрмесі негізінде мұражайлық-насихаттау акциясын жүргізеді. Жыл сайын қазан айында облыстық спорт және денешынықтыру комитеті мұражаймен бірлесіп, Ыбырай Алтынсаринді еске алуға жеңілатлетикалық жүгіріс ұйымдастырады. Калейдоскоптағы «Балалық шақтағы ойындар» атты интерактивтік ісшаралар балалардың қызығушылығын тудырады, онда «арқан тарту», «асықтар» ойнайды және ержелерімен танысады, ал ең динамикалық ойын «Денсаулық әлемінде» эстафетасы болып табылады.
Әрдайым өзгеріп тұратын «Балалар қолөнерінің ғажайыбы» деген жылжымалы экспозиция балаларға әсем көрініспен табыстыратын қуаныш сыйлайды, олардың эстетикалық ой-өрісін дамытады және өнерге деген құлшынысын арттырады, онда әртүрлі материалдардан және әртүрлі техникада орындалған облыстық мәдени-спорттық орталығы, көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстары қойылған.
Ғылыми-зерттеу қызметі
«Ы.Алтынсариннің ғылыми, әдеби және қоғамдық қызметі», «Ы.Алтынсарин және қазақтың ағартушылары, әлемдік және орыс мәдениеті мен педагогика қайраткерлері», «Ы. Алтынсарин мектеп жүйесін жаратушы », «Алтынсарин халық жадында» — деген тақырыптары бойынша ақпарат жинау.
Өлкедегі білім берудің қазіргі жағдайы мен тарихы туралы ақпараттар жинау, талдау, жүйелеу.
Ішкі мұражайлық қызметті автоматтандыру, мұражай қорың электрондық тізбеге енгізу, «Музеолог» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу.